Оралда дзюдодан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы басталды

19:33 | 07 маусым 2019

Бүгін, 7 маусым күні Орал қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы басталды. Қазақстанның ең мықты татами шеберлері қатысып жатқан байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысты. Өз сөзінде облыс әкімі қатысушалырға сәттілік тілеп, дүбірлі доданың ұйымдастырылуына атсалысқаны үшін Қазақстан дзюдо федерациясына алғысын айтты. Өз кезегінде Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев елімізде дзюдо күресінің дамуы жолында сүбелі үлес қосып отырғаны үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Сейдірұлына федерация атынан алғыс хат табыстады.

Жайық жағасында жалауын көтерген аталмыш жарысқа Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 200-ге жуық дзюдошылар қатысуда. Жарыстың бірінші күнінде ерлер 66 келі, 66 келі және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежеснде өзара мықтыны анықтаса, әйелдер арасында 48 келі, 52 келі, 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бақтарын сынады.

Назарларыңызға Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасының бірінші жарыс күнінің қорытындысын ұсынамыз.

Әйелдер:

583b7f6a45275595fb6040f53b18669b.JPG

48 кг

1.Ақмарал Науатбек (Нұр-Сұлтан)

2.Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

3.Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

3.Айгерим Төреғожина (Атырау облысы)

c8bc3b8fe38e727b2066f880ab221dfd.JPG

52 кг

1.Нұрсұлу Ералиева (Алматы облысы)

2.Гүлдана Әлмұханбетова (БҚО)

3.Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)

3.Диана Тлеумұратова (Қызылорда облысы)

573f74d7c5721fd672e3a7530d574024.jpg

57 кг

1.Севара Нишанбаева (Шымкент)

2.Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)

3.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)

e191555722618d73f32235790e046856.jpg

63 кг

1.Иоланта Бердібекова (Алматы)

2.Алтынай Хаби (Нұр-Сұлтан)

3.Кристина Сотникова (ШҚО)

3.Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)

f2ea1ae38b0633efbd1cee96540c824d.jpg

Ерлер:

60 кг

1.Үміталиев Тоқтар (БҚО)

2.Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3.Қанат Сейілхан (Атырау облысы)

3.Нұрбол Елубай (Нұр-Сұлтан)

c5aaff9c05f06dd0f2c8889d0248edfe.jpg

66 кг

1.Төлеген Нұралиев (ШҚО)

2.Ғұмар Қырғызбаев (Алматы қаласы)

3.Арман Отарбаев (Қарағанды облысы)

3.Сұңғат Жұбатқан (Маңғыстау облысы)

4ce2247c5a535cf9080e4b04bc2dcc47.jpg

73 кг

1.Бекәділ Шаймерденов (Жамбыл облысы)

2.Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)

3.Мади Амангелді (Нұр-Сұлтан)

3.Мадияр Сембаев (ШҚО)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар