1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні!

11:29 | 01 мамыр 2019

Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке бірлік пен бейбітшіліктің, ынтамақтастық пен сыйластықтың символы іспетті.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». Бүгінде көк байрағымыздың астында 130-дан астам ұлт пен ұлыс бейбіт күн кешіп отыр. Бұл халқымыздың достығын, елдігін білдірсе керек.

Еліміз үшін аса маңызды мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мереке қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Бірлігіміз жарасып, бір шаңырақ астында бейбіт күндеріміз ұзағынан болғай!

Ізгі ниетпен,

Қ.Қожамжаров

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар