Мухсин Нұртазин Орталық Азия елдерінің аға төрешісі қызметіне тағайындалды
Бүгін, 18 сәуір күні Фуджейра қаласында дзюдодан Азия чемпионаты қарсаңында Азия дзюдо одағының конгресі өтті. JUA конгресінде бір жыл көлемінде Азия құрлығында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен тапсырмалар талқыланды.
Сондай-ақ, JUA конгресінде бірқатар тағайындаулар орын алды. Атап айтқанда, Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры, дзюдодан халықараалық дәрежедегі төреші Мухсин Нұртазин алдағы 4 жылға Орталық Азия елдерінің аға төрешісі қызметіне тағайындалды. Ол төрт жыл көлемінде Орталық Азия елдеріндегі төрешілік жұмыстарына тікелей жауапты болады. Дзюдодан Орталық Азия елдеріне Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдері кіреді.
Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Мухсин Мұхамадиұлын жаңа лауазымымен құттықтап, бастамаларынаа сәттілік тілейміз!
0 пікірлер