Туған күніңізбен, Асхат Расулұлы!
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Житкеевтің туған күні. Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Асхат Расулұлын туған күнімен құттықтап, жылы лебізін арнады.
Құрметті Асхат Расулұлы! Сізді бүгінгі төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Cіздің есіміңіз Қазақстан спорт тарихында алтын әріптермен жазылып қалары хақ. 2008 жылы аспан асты елінде өткен жазғы Олимпиада ойындарында атой салып, күміспен күптеліп, күллі қазақты қуантқан сәтіңіз әлі есімізде. Әлем чемпионаты мен құрлықтық біріншіліктерде, әлемдік жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, еліміздің туын биікке көтердіңіз! Жасындай жарқырап, қазақ татамиінің тарланбозы атандыңыз. Бүгінде спорттық мансабыңызды аяқтағаныңызбен, өміріңізді спортқа арнап, елімізде дзюдо күресінің жандануына айрықша үлес қосқаныңыз үшін біз сізді ерекше құрметтейміз! Сіздің спортқа, соның ішінде дзюдоға деген сүйіспеншілігіңіз бен жанашырлығыңыз бізді әрдайым жігерлендіреді.
Сіз қазақтың маңдайына біткен дара балуан, Қазақстанның бетке ұстар ардақты азаматтарының бірі, әрі бірегейісіз! Біз сізді мақтан тұтамыз! Елімізде дзюдоны жаңа деңгейге шығарғаныңыз үшін алғыс айтамыз!
Қазақстан дзюдо федерациясының атынан бүгінгі айтулы мерекеңізбен құттықтай отырып, отбасыңызға бақыт, деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!
Изгі ниетпен,
Қ.Қожамжаров
0 пікірлер