​Елдос Сметов жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды

12:34 | 15 наурыз 2019

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысы басталады. Жарыс фавориті саналған қазақстандық Елдос Сметов аталмыш жарысқа қатыспайтынын ресми мәлімдейміз. Екатеринбург қаласында жарыс алдындағы жаттығу барысында жарақаты сыр берді.

"Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын болдым. Бұйырса, осы айдың соңында Анталияда өтетін Гран При турниріне қатысамын", - дейді Елдос Сметов.

2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 15-17 наурыз күндері Екатеринбург қаласында дзюдодан "Grand Slam" турнирі өтеді. Оған әлемнің 48 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Қазақстан сапынан 19 дзюдошы бақ сынайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар