Ерлан Серікжанов - Гран При жарысының қола жүлдегері

23:37 | 08 наурыз 2019

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық қарсыласы Шахрам Ахадовты ұтты.

66 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз Ерлан жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті.
Алғашқы қарсыласы испаниялық Даниель Перез Романды иппонмен екінші белдесуінде сербиялық Страхиния Бунцикті жеңді. Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда египеттік Абдельмаугоуд Мохамедке есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесі үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар