Ислам Бозбаев "Grand Slam" турнирінің күміс жүлдегері

23:58 | 10 ақпан 2019

Ислам Бозбаев Парижде өтіп жатқан «Grand Slam» жарысында күміс жүлдеге ие болды. Финалда ол оңтүстік кореялық дзюдошы Квак Дон Хванға есе жіберді.

Ислам Бозбаев жарыс брысында барлығы 5 кездесу өткізді. Жарысқа екінші айланымда қосылған отандасымыз бірінші Эдуард Триппелді (Германия) иппонмен ұтса, екінші белдесуінде Мокану Юрийден (Молдова) айласын асырды. Одан кейін ширек финалда жапониялық Мукай Шойчиромен белдесіп, иппон ұпайымен уақытынан бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдамаға қол жеткізді. Ал жартылай финалда Ислам Израиль спортшысы Ли Кохманды ұтқан болатын.

81 келіге дейінгі салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Руслан Мусаев жарысты 5-орынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш жарыста кеше Елдос Сметов (60 кг) күміс, Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) қола медальғаа қол жеткізген болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар