Қазақстан Чемпионатының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті
Жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 60, 66, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаса, қыздар 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ, Таразда өтіп жатқан Қазақстан Чемпионатының аясында бірқатар спортшылар мен төреші, жаттықтырушыларға ДАН сертификаттары табысталды. Атап айтқанда, Қазақстанның бірнеше дүркін Чемпионы, Азия Чемпионатының жүлдегері Қалжан Тайжанова, ҚР бірнеше дүркін Чемпионы, жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының жүлдегері, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Александра Подрядова, Азиа ойындарының қола жүлдегері, ҚР Чемпионатының бірнеше дүркін Чемпионы Ленария Мингозова, жаттықтырушылардан Марат Омаров 3 ДАН және төреші Батырлан Өмірзақов 2 ДАН сертификатына ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, Таразда өтіп жатқан Қазақстан Чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады. Аталмыш ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алмааты, Шымкент қалаларынан 681 жасөспірім дзюдошы қатысуда.
Назарларыңызға екінші жарыс күнінің қорытындысын ұсынамыз:
Ұлдар
60 кг
1. Даурен Қайратұлы (Жамбыл облысы)
2. Марлен Әділ (Маңғыстау облысы)
3.Ықылас Алсейіт (Алматы облысы)
3. Жанболат Рахымберлі (Қарағанды облысы)
66 кг
1. Тілеген Тынарбай (Қызылорда облысы)
2. Бексұлтан Қартбай (Маңғыстау облысы)
3. Тайман Нұрғалиев (БҚО)
3. Асанәлі Абзалбек (Алматы облысы)
73 кг
1. Атабек Тұрлыбаев (Қарағанды облысы)
2. Серікбол Естай (ШҚО)
3. Рысбек Базарбай (Маңғыстау облысы)
3. Айболат Аманкелдиева (Қарағанды облысы)
Қыздар:
48 кг
1. Балнұр Абдешева (ШҚО)
2. Анель Амангелді ( Астана)
3. Аружан Ережепова (Алматы облысы)
3. Меруерт Рахымбек (Алматы облысы)
52 кг
1. Аяулым Қуанышова (Жамбыл облысы)
2. Аяна Сатқыналиева (Жамбыл облысы)
3. Аружан Адасхан (Жамбыл облысы)
3. Үміт Нұрғаалықова (Алматы облысы)
57 кг
1. Шапағат Дәулет (Жамбыл облысы)
2. Маржан Қаналиева (Маңғыстау облысы)
3. Мөлдір Бисенова (ШҚО)
3. Есімгүл Қуылуова (Шымкент)
0 пікірлер