Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар мен жанкүйерлер!
10:06 | 01 желтоқсан 2018
Қазақстан дзюдошылары Федерациясының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
1 желтоқсан - еліміздің тәуелсіздігіне алғаш жол салынған ерекше күн.
Отандастарымыз осы күні мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Елбасы етіп сайлап, оған өз болашағын сеніп тапсырды.
Кең байтақ Ұлы дала төрінде бейбіт өмір мен өркендеудің бастапқы қадамы жасалды, халқымызда болашаққа деген үміт оты орнады.
Жалпыхалықтық мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңа амандық, кәсіптеріңе береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, Қ.Қожамжаров
0 пікірлер