Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионатының бірінші күні аяқталды
Бүгін Астана қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров пен ҚР Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
Чемпионаттың ашылу салтанатында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті Қайрат Қожамжаров Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамзаның жеке бапкері, әкесі Марат Файзиев пен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановтың жеке бапкері Айдар Қайырбаевты егеменді еліміздің бірлігі мен беріктігі жолында спорт саласының қарқынды дамып, кең қанат жаюына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан дзюдо федерациясының Президентінің алғыс хатымен, Әлем чемпионы Максим Раков пен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқановты Қазақстанда дзюдоның дамуына үлес қосқаны үшін ҚР Дзюдо федерацясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың атынан естелік кубогымен марапаттады.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Әлем чемпионы Максим Раков пен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқановты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапаттап, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановтың жеке бапкері Айдар Қайырбаевқа ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы куәлігін, Джакартада өткен Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамзаның әкесі және жеке бапкері Марат Файзиевке ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы куәлігін, жақында ғана Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжановқа ҚР Еңбек сіңірген спортшысы куәлігін табыстады.
Сондай-ақ, жарыстың ресми ашылу барысында дзюдодан Әлем чемпионы Максим Раков пен дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов кәсіби спортпен ресми түрде қоштасқанын мәлімдеді.
Қазақстан Чемпионатының бірінші күнінде татами шеберлері 4 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Ерлер -60 кг, -66 кг салмақ дәрежесінде белдессе, әйелдер -48 кг, -52 кг салмақ дәрежелерінде күресті.
Назарларыңызға дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионатының бірінші күнгі нәтижесін ұсынамыз:
Әйелдер:
- 48 кг
1.Абиба Абужақынова (Алматы облысы)
2.Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)
3.Ұлдана Сайыл (Шымкент қаласы)
3.Cалтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)
- 52 кг
1.Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)
2.Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)
3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)
3.Айдана Бугылбаева (ШҚО)
- 60 кг
1.Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)
2.Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)
3.Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)
3.Нұр Аманшүкіров (Жамбыл облысы)
- 66 кг
1.Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)
2.Шадияр Қуандық (Түркістан облысы)
3.Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
3.Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)
Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтіп жатыр. Астана қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған ел біріншілігі 16 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың іріктеу кезеңдері күнде 10:00-де басталса, финалдық кезең 16:00-де басталады.
0 пікірлер