Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Чемпионаты басталды
Бүгін, 13 қараша Астанада қаласында «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы жатыр. Оның ішінде халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Жанболат Бағтбергенов пен Бауыржан Нарбаев, Гран При кезеңдерінің жеңімпазы Ғұсман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Азия ойындарының қола жүлдегері Елдос Жұмақанов, әлемдік Гран При кезеңдерінің жүлдегерлері Демьяненко Виктор, Бекәділ Шаймерденов сынды балуандар бар.
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов, Азия ойындарының Чемпионы Дидар Хамза, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг пен Азия ойындарының қола жүлдегері Гүлжан Исанова жарақатына байланысты Қазақстан Чемпионатына қатыспайды.
Жарыс нәтижесінде Қазақстан Чемпионатында жеңімпаз атанған спортшылардан 2019 жылғы дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрама командасы жасақталады. Астанада өтетін Қазақстан чемпионатын «QazSport» арнасы көрсетеді.
Назарларыңызға Қазақстан Республикасының Чемпионатының жарыс кестесін ұсынамыз:
13 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -60кг, -66кг;
Әйелдер: -48кг, -52кг;
16:00 – Жарыстың ашылу салтанаты
16:30 – Финалдық белдесулер
14 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -73кг,-81кг;
Әйелдер: -57кг, -63кг, -70кг;
16:00 – Финалдық белдесулер
15 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Ерлер: -90кг, -100кг, +100кг;
Әйелдер: -78кг, +78кг;
16:00 – Финалдық белдесулер
16 қараша
10:00 – жарыстың басталуы
Аралас командалық сайыстар
-57 кг, -70 кг, +70 кг, -73 кг, -90 кг, +90 кг;
0 пікірлер