Ақтауда дзюдодан ашық Азия кубогы өтті

22:01 | 04 қараша 2018

Ақтау қаласында 3-4 қараша күндері «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы мәресіне жетті. Аталмыш турнир 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Биыл Азия дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізіліп отырған турнирде Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Греция, Қырғызстан, Моңғолиядан жиналған 100-ден аса дзюдошы ең мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасы жарысты 7 алтын, 10 күміс, 13 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынмен аяқтады. 4 алтын иеленген Греция құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс медальмен Тәжікстан ұлттық құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы лицензиялық турнир болып табылады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі. Мәселен, бірінші орын иегері 100 ұпайға ие болса, екінші орын алған дзюдошы 60 ұпай, үшінші орыннан көрінген спортшыға әлем рейтингінде 40 ұпайдан қосылады. Жарыстың бас ақпараттық серіктесі «Qazsport» арнасы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогін 4-5 қараша күндері эфирден көрсетеді.

Назарларыңызға жарыс қорытындысын ұсынамыз:

60 кг

1. Камран Нуриллаев (Өзбекстан)

2. Билгуун Догсом (Моңғолия)

3. Қанат Сейілхан (Қазақстан)

3. Рамазан Мамаев (Қазақстан)

66 кг

1. Сұңғат Жұбатқан (Қазақстан)

2. Әбілқайыр Мәуленин (Қазақстан)

3. Айболат Ыстыбаев (Қазақстан)

3. Алтаншух Довдон (Моңғолия)

73 кг

1. Гергиос Азойдис (Греция)

2. Хайомиддин Жаббаров (Тәжікстан)

3. Нурлан Оразалин (Қазақстан)

3. Бека Шавдатуашвили (Грузия)

81 кг

1. Алексиос Нтанацидис (Греция)

2. Руслан Мұсаев (Қазақстан)

3. Ерсін Сейітқазынов (Қазақстан)

3. Абдурахман Өмірзақов (Қазақстан)

90 кг

1. Зиодорос Целидис (Греция)

2. Сұңғат Закарияев (Қазақстан)

3. Нұрымжан Ғаббасов (Қазақстан)

3. Мейрамбек Жаңабай (Қазақстан)

-100 кг

1. Сайджалол Саидов (Таджикистан)

2. Жасұлан Мұхаметханов (Қазақстан)

3. Арман Қалиев (Қазақстан)

+100 кг

1. Әділ Оразбаев (Қазақстан)

2. Гиорги Кавтарадзе (Грузия)

3. Талғат Әмренов (Қазақстан)

Әйелдер:

52 кг

1. Әйгерім Әбілқадірова (Қазақстан)

2. Абиба Абужақынова (Қазақстан)

3. Ақжол Қайыпхан (Қазақстан)

57 кг

1. Анна Казюлина (Қазақстан)

2. Севара Нишанбаева (Қазақстан)

3. Кәмшат Қарасайқызы (Қазақстан)

63 кг

1. Иоланта Бердибекова (Қазақстан)

2. Саера Мирзахметова (Қазақстан)

3. Ақниет Тұрдан (Қазақстан)

-70 кг

1. Элизавет Тельцидоу (Греция)

2. Аэлита Щербакова (Қазақстан)

3. Ажар Салықова (Қазақстан)

-78 кг

1. Зарина Райфова (Қазақстан)

2. Эльмира Самиғоллаева (Қазақстан)

+78 кг

1. Камила Берліқаш (Қазақстан)

2. Саида Қапсалықова (Қазақстан)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар