​Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен жанкүйерлер!

12:44 | 29 қазан 2018

Сіздерді еліміздің Федерациясы атынан Халықаралық дзюдо күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдары спорттың бұл түрі жан-жақты дамыды. Біздің спортшыларымыз әртүрлі халықаралық турнирларда, олимпиадалық ойындарда табысты өнер көрсетіп келеді.

Нәтижелеріміз қуантарлық. 1993 жылы Азия чемпионатында тек Жапон құрамасына ғана жол берген біздің спортшылар, кейін шерберліктерін одан сайын шыңдады. Қазір арамызда халықаралық чемпионаттар мен олимпиада ойындарының үздік жүлдегерлері бар.

Бұл – бүкіл дзюдошылардың ортақ жеңісі. Әрбір бапкер мен спортшының ерлік еңбегі! Себебі, дзюдо тек спорт емес. Ол – үлкен рухты, қажырлылық пен табандылықты қажет ететін өмірлік таным.

Қазір алдымыздағы мақсат – 2020 жылы болатын Токио олимпиадасы. Көкбайрағымызды дзюдоның кіндік елінде желбірету. Бұған жету қажырлылық пен табандылықты қажет етеді.

Құрметті дзюдошылар!

Сіздерге, отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, жанұялық бақыт тілеймін! Ел намысын абыроймен қорғап, спорттың биік шыңдарын бағындыра береді деп сенемін!

Ізгі ниетпен, Қ. Қожамжаров

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар