Маргарита Гриценко жасөспірімдер Олимпиадасының вице-чемпионы атанды

00:58 | 10 қазан 2018

Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасында Жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша сайыстар өтіп жатыр. Қазақстандық дзюдошы Маргарита Гриценко финалда кадеттер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Игл Рафаэлге есе жіберіп, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетерлігі, 78 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Маргарита Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдиц Ортизді жеңсе, жартылай финалда чех балуаны Эстер Свободованы уақытынан бұрын таза жеңіске қол жеткізген еді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар