Спорт - өмір үшін, барлығы үшін
Осы ұранмен итальяндық Турин қаласында ардагерлер арасындағы кезекті Олимпиадалық ойындар өтті. 2 тамыздан бастап 10 күнге созылған бәсекеде спорттың 24 түрінен 28 мың спортшы бақ сынасты.
Әсіресе дзюдодан қазақстандық құрама ерекшелене білді. Палуандарымыз командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Олар үздік бразилиялық және ресейлік өкілдері мен жарыс қожайындары, итальяндықтарды басып озды. Жеке біріншіліктерде Қазақстан қоржыны үш «алтын» және бір «қоламен» толықты.
Дзюдодан еліміздің намысын қорғаған ұлттық құрама сапында шығысқазақстандық Руслан Сейлханов (комнада капитаны), Ержан Омарбаев, Болатбек Жаманбаевтар бар. Германия құрамасымен болған тартыс әбден қалжыратып тастады, осы белдесуде команда капитаны неміс өкілімен жекпе-жекке шығып, «алтын» олжалады. Дайындық кезінде алған жарақатына байланысты А Омарбаев финалға өте алмады. Соған қарамастан, «қола» үшін болған тартыста қарсыласын бірінші минутта-ақ сұлатып, ел қоржынына ІІІ дәрежелі медаль салды.
Халықаралық ардагерлер қауымдастығының бастамасымен өткен Бүкіләлемдік ардагерлер ойынына түрлі жастағы спортшылар қатыса алады. Спорт түрлеріне байланысты спортшылардың жасы 25- 35 жас аралығында болуы шарт.
0 пікірлер