Жансай Смағұлов Әлем чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады
Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Әлем чемпионатын 7-ші орынмен аяқтады. Ол жұбаныш белдесуінде Моңғолия елінің спортшысы Ганбаатар Одбаярға вазари ұпайымен жеңілді.
Жансай Смағұлов ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай келді. Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылған ол бірінші қарсыласы Нилс Штампты иппонмен ұтса, өзінің екінші кездесуін Никола Гардашевичке қарсы өткізді. Нәтижесінде, оны уақытынан бұрын жеңіп, ширек финалдық жолдама үшін косовалық Акил Гжаковамен күресіп, уақытынан бұрын жеңіске қол жеткізді. Ал ширек финал жапон балуаны әлем чемпионы Соиши Хашимотоның еншісіне шешіліп, Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде күресге мүмкіндік алған еді.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ел қоржынына Галбадрах Отгонцэцэг қола, Ерлан Серікжанов күміс жүлде салған болатын.
0 пікірлер