Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде күреседі
Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күнінде татамиге Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шықты.
73 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Жансай Смағұлов ширек финалға дейін қарсылас шыдатпай келді. Әлем чемпионатына екінші айналымда қосылған ол бірінші қарсыласы Нилс Штампты иппонмен ұтса, өзінің екінші кездесуін Никола Гардашевичке қарсы өткізді. Нәтижесінде, оны уақытынан бұрын жеңіп, ширек финалдық жолдама үшін косовалық Акил Гжаковамен күресіп, уақытынан бұрын жеңіске қол жеткізді. Ал ширек финал жапон балуаны әлем чемпионы Соиши Хашимотоның еншісіне шешіліп, Жансай Смағұлов жұбаныш белдесуінде күресге мүмкіндік алды. Енді оның қарсыласы Моңғолия спортшысы Ганбаатар Одбаяр болмақ
Дәл осы салмақта белдескен тағы бір спортшымыз Бекәділ Шаймерденов те бірінші белдесуінде француз Акус Бенджаминге иппонмен ұтылып, жарыстан шықты. Ал бұрымды балуандардан 57 келіге дейінгі салмақта белдескен Севара Нышанбаева жарыстың алғашқы кездесуінде-ақ Болгария спортшысы Илиева Ивелинаға жол беріп, Әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады.
Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 18:00-де болады. Тікелей эфирде халықаралық дзюдо федерациясының интернет порталы (live.ijf.org) көрсетеді.
0 пікірлер