Ерлан Серікжанов Әлем чемпионатының финалына шықты

19:06 | 21 қыркүйек 2018

Бакуде өтіп жатқан Әлем Чемпионатында 66 келіге дейінгі салмақта күресіп жатқан Ерлан Серікжанов финалға жолдама алды. Жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшсы израилдік Тель Фликерді жеңіп, шешуші сында күресуге мүмкіндік алды.

Ерлан Серікжанов іріктеу кезеңінің алғашқы белдесуінде Артур Карлос Джуниорды (Мозамбик), екінші кездесуінде Барух Шмаиловты (Израиль), үшінші белдесуінде молдовалық Вадим Бунеску ал ширек финалда моңғолиялық Херленг Ганболдты жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар