Бакуде Әлем чемпионаты басталды

16:26 | 20 қыркүйек 2018

Бүгін Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты басталды. Әлем біріншілігін жеңіл салмақтағы дюдошылар бастады.

Қазақстан сапынан ерлерден 60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев шықса, әйелдер құрамасынан 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг белдесті.

60 келіге дейінгі салмақта қатысқан Ғұсман Қырғызбаев іріктеу кезеңінің үшінші белдесінде бразилиялық спортшы Эрике Такабатикеге есе жіберіп, жарыстан шықты. Ол өзінің бірінші кездесуінде түркиялық Сахин Ахмед Кабаны иппонмен, екінші айналымда монаколық Ян Циккардиден айласын асырған болатын.

e8a90508d4bfd35540036e0a6e8ddbaf.jpg

Ал 48 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан бұрымды балуанымыз Галбадрах Отгонцэцэг ширек финалда Еуропа чемпионы украиналық Дарья Билодидтен ұтылып, финалға жете алмады.Оның жұбаныш белдесудегі қарсыласы Словения спортшысы Маруса Стангер болмақ. Оны жеңген жағдайда отандасымыз қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Финалдық кезеңдер Астана уақытымен 18:00-де басталады. Тікелей эфирде қазақстандық «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар