Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері

16:47 | 01 қыркүйек 2018

Дзюдодан Қазақстан құрама командасы аралас командалық жарыста Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстанстандық дзюдошылар ширек финалда Үндістан командасын 4:0 есебімен таза жеңіп, уақытынан бұрын жарысты аяқтады. Ал жартылай финалда Өзбекстан құрамасынан 4:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты. Финалдық кездесуде Жапония құрамасына 4:0 есебімен жол берген қазақстандықтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Аралас командалық жарысқа Қазақстан құрамасынан Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев, Севара Нишанбаева, Зере Бектасқызы және Гүлжан Исанова шықты.

Фото: ҚР ҰОК

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар