Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

16:36 | 31 тамыз 2018

Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында Моңғолия спортшысы Мунхтуя Баттулганы жеңіп, ел қоржынына дзюдодан Азия ойындарының үшінші қоласын салды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джакартада дзюдодан Дидар Хамза чемпион атанса, Отгонцэцэг Галбадрах, Елдос Жұмақанов қола медаль алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар