Дидар Хамза – Азия ойындарының чемпионы!

17:23 | 30 тамыз 2018

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошымыз Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Ол алғашқы белдесуде тайланд дзюдошысы Масаюки Тераданы, ал ширек финалда моңғолиялық Уганбаатар Отгонбаатарды жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда жапон жампозы Такеши Сасакиді уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Финалдық белдесуде отандасымыз әлем рейтінгінде бірінші орында тұрған Иран спортшысы Саид Моллоиден айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал қола медаль үшін күрескен бұрымды балуандарымыз Севара Нишанбаева (57 кг) мен Зере Бектасқызы (70 кг) жұбаныш финалында жеңіліп, жарысты 5-орынмен аяқтады.

Жарыстың екінші күнгі нәтижесі бойынша қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарында 1 алтын, 2 қола жүлдені жеңіп алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар