Венгрияда дзюдодан Гран При өтеді
14:51 | 15 қаңтар 2014
Халықаралық дзюдо федерациясы мен венгерлік дзюдо қауымдастығы 2014-2016 жж аралығында Гран Приді Будапештте өткізу туралы үшжылдық келісім-шартқа қол қойды.
Келісім-шарт сенбі күні Будапешттегі баспасөз мәслихатында жасалды. Ағымдағы жылғы Гран При Будапештте, 21 - 22 маусымда өтеді.
Аталмыш шарт IJF президенті Визер мырза, венгерлік дзюдо қауымдастығының президенті Ласло То және Венгрия кадрлық ресурстар министрлігінің спорт және жастар істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Истван Симишко мырзамен жасалды.
Өткен жылы Будапештте Еуропа чемпионаты сәтті өткізілді. Сондай-ақ, президенттік IJF кеңсесі де Венгрия астанасынан орын тепкен.
0 пікірлер