Санжар Жаббаров - Еуропа кубогының қола жүлдегері!

20:22 | 15 шілде 2018

Германияның Саарбрюккен қаласында дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақта белдескен отандасымыз Санжар Жабборов ел қоржынына қола жүлде салды.

Санжар Жаббаров (+100 кг) франциялық Адриен Ливольсиді ұтып өз тобынан үздік шыққан болатын. Жартылай финалдық белдесуде әзірбайжан балуаны Шахин Шахрамановқа есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды. Шешуші жұбаныш белдесуде қос қазақстандық Ерасыл Қажыбаев пен Санжар Жабборов кездесіп, Санжар Жабборов жеңіске жетті.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар