Дзюдоист Қонысбай Шпанов «Атырау» ФК директоры болып тағайындалды

15:56 | 10 шілде 2018

33 жасар Шпанов Қонысбай дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері болып табылады.


Шпанов Қонысбай Әдиұлы 2002-2003 жылдары Алматы қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған Қ, Ахметов атындағы мектеп-интернатында тәлім алған. Кейін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. 2010-2012 жылдары Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер Қазақстан Университетінде Құқықтану мамандығын оқып шыққан.

Сондай-ақ, Қоныспай Шпанов спорт жолында бірнеше белесті бағындырып үлгерген. Атап айтқанда, 2004 Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2004 жылы Санкт-Петербургте өткен Еуропа кубогында қола жүлдені жеңіп алған. Сонымен қатар, дзюдодан Қазақстан Чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.

2017-2018 жылдары Атырау облысы мүгедектер спорт клубы ҚКММ директоры болып қызмет атқарған. Осыған дейін Атырау облысы жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің директоры лауазымында болды.

Қазақстан дзюдо федерациясы Қонысбай Шпановты жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілейді!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар