IJF төрешілер мен бапкерлерге семинар өткізуде

14:47 | 15 қаңтар 2014

Испанияның курортты Малага қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған алғашқы семинар басталып кетті. Семинар кезінде қатысушылар назарына 2014 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген жаңа IJF төрешілер ережесінің тәжірибелік және теориялық үлгісі таныстырылып, 2016 жылғы Олимпиадалық біліктілік турасында да айтылып өтті. 10 қаңтар күні, таңғы сағат 10.00-ден бастап www.ippon.tv сайтынан онлайн семинарларды көруге мүмкіндік жасалған.

Келесі семинарлар Майямиде (АҚШ) 17-18 қаңтар аралығында, ал 28-29 қаңтарда Абу Дабиде өтеді.

Абу Дабидегі семинарға республикалық дзюдо федерациясының атынан 8 адам қатысады деп күтілуде. Олардың арасында қазақстандық ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ермек Имамбеков пен Федерация төрешілер алқасының директоры Мухсин Нұртазиндер бар. Өз кезегінде, семинардан кейін олар аймақтық төрешілер мен Қазақстан жаттықтырушыларына семинар өткізетін болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар