Жаңа жыл несімен ерекше?

18:04 | 28 желтоқсан 2013

2014 жылдың басталуына санаулы күндер қалды. Осы мақсатта сonfederation.kz порталы қазақстандық спортшылардың Жаңа жыл мерекесін қайда атап өтетіндігін, жасыл шыршалы кеште алған қымбат сыйлықтары және сөзсіз, жаңажылдық күлкілі оқиғаларға қалған кездері жайлы сұрастыруды жөн көрді. Расында, қызықты болды …

Сonfederation.kz порталының таңдауымен Азамат Мұқанов– 2013 жылдың үздік дзюдошысы:1

- Дәстүр бойынша Жаңа жылды жұбайым Мақпал мен ұлым Ибрахиммен бірге қарсы аламын. Әрине, одан кейін міндетті түрде ата-анамды құттықтаймын. Есімде ерекше қалған Жаңа жыл мерекесі ме? Ойлануға мұрсат беріңізші. Нақты қай жыл екені есімде жоқ, бірақ менің болашақ жарым маған есігін ашпай қойғанда, мен оның үйінің жанында көз майымды тауысып күткенім бар. Ол кезде сағат тілі түнгі он екіні соққан болатын. Осындай да жағдайларды бастан өткердік (күліп)...

Сonfederation.kz порталының таңдауымен Екатерина Ларионова – 2013 жылдың үздік балуаны:

Жаңа жылды әрқашан көңілді орта мен сүйікті отбасыммен қарсы алуды әдетке айналдырғанмын. Шынымды айтсам, мен үшін жаңажылдық мерекелердің барлығы бірдей. Әр жылды қорытындылап, алдағы жылға жоспар құрасың. Барлығының басындағы жағдай (күлімсіреп). Ерекшеленетін ештемесі жоқ. Ал осы жаңажылдық кеште не күтемін бе? Мен сібірлік лайкаларды өте жақсы көремін, сондықтан сыйға ит алып жатсам жақсы болушы еді (күліп).

Арман Шылманов, таеквондодан Бейжің Олимпиадасының (2008) қола жүлдегері:

- Есімде қалған Жаңа жыл ма? Оның өте күлкілі болғаны рас (күлімсіреп). Жағдай былай: жұбайыммен Египетке барып демалғанды жөн көрдік. Бірақ сатылымдағы билеттер тек Жаңа жыл қарсаңында еді. Амалсыз келісуге тура келді. Пойызға отырып Мәскеуге тарттық. Сонымен 31 желтоқсан, сағат тілі тура түнгі он екіні көрсетіп тұр. Вагонда бізбен бірге тағы бір жұп болды. Төртеуіміз Жаңа жылды бірге қарсы алдық. Аздап жайсыз сезінгеніміз бар (күліп). Ғасырдың он төртінші жылында қандай сый алғым келеді? Бұл менің бала күнгі арманым. Мен «Уралец» велосипедім болғанын армандадым, әкем арманыма қол жеткізген-тін. Сол кездегі қуанышымды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өзімді әлемдегі ең бақытты балалар тізіміне енгіздім (күлімсіреп). Ал Жаңа жылды атап өтуге келер болсам, мен оны әйелім және балаларыммен бірге ата-анам тұрып жатқан Атырау қаласында атап өтпекпіз. Бұл керемет емес пе?! Сыйлықтарды сатып алып қойдым. Не дейсіз бе? Бастысы, маған арнайы тапсырыс бергендер (күлімсіреп).

Дзюдодан 2013 жылғы әлемдік Гран-придің (Алматы, Ташкент) күміс жүлдегері – Александра Подрядова:

- Отбасыммен бірге жаңажылдық кешті тойлаудан қол үзген 2012 жыл есімде ерекше сақталып қалды. Бұл жолы Жаңа жылды мен өзімнің сүйіктімнің отбасымен қарсы алдым. Жаныма жақын адамның қасында болу қандай ғажап десеңші! Бұл біздің бірігіп қарсы алған алғашқы Жаңа жылымыз. 2012 жылдың ерекшелігі осы. Менің бақытымның кілті - осы адам (күлімсіреп). Енді ең қымбат сыйлығым туралы айтайын. 2011 жылы мен Сергеймен әлі жақын таныса қоймаған едім, онымен тек достық қарым-қатынаста болдық. Сонымен… Жаңа жыл қарсаңында ол менің үйіме келіп періштесі бар алтын алқаны сыйға тартты. Сол кезде расында есеңгірегенім бар. Әңгіме сыйлықта емес, оны қалай жеткізгендігінде. Сережа оны ерекше жеткізе білді. Сондай-ақ, өзіме қымбат жандар үшін қымбат сый жасағанды жақсы көремін.

Сonfederation.kz порталының таңдауымен Нұрмахан Тінәлиев – 2013 жылдың үздік балуаны:

- Бізде, «классиктерде» бірінші орынға тәртіп қойылады. Сондықтан әрбір Жаңа жыл мен үшін өткенді қайталау болып табылады. Жарыс бітсе үйіңе, ата-анаңа ораласың. Қаңтардың үшінен бастап оқу-жаттығу жиыны бар дейді, киім–кешекті жинап ОЖЖ кетесің. Біздің команда үнемі уақытында жиналады, кешіккен ешкім жоқ. Барлығына қаңтардың үшінде болу керектігі айтылды ма, ендеше, команда сапы толығымен жаттығу залының бозкілемінен табылуы тиіс. Темірдей тәртіп!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар