​Чемпиондармен болған кездесу (фоторепортаж)

15:55 | 23 желтоқсан 2013

Астанадағы «Хат-Шатыр» және Алматыдағы «MEGA Alma-Ata» сауда-сауық орталықтарында аптаның қай күні болмасын, күннің қай мезгілі болмасын, адамдар өте көп жүреді. Ал демалыс күндері тіптен көп. Өткен сенбі күні де солай болды. Оның бірден-бір себебі – Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы ұйымдастырған чемпиондармен кездесу акциясы болды. Спорт әуесқойлары өз балаларымен келіп, еліміздің даңқты чемпиондарымен пікірлесу, олардың қолтаңбаларын алу, олармен ескерткішке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараның тамаша өткені, айтпаса да түсінікті! Жанкүйерлер де, атақты спортшылар да бұл шарадан үлкен ләззат алды. Қолтаңба беріп, суретке түсуден шаршамаған жұлдыздар: «Тіпті Олимпиада мен басқа да байрақты бәсекелерден кейін де мұндай дүрбелең болған емес!» деді.

«Хан Шатыр»: Асхат Жіткеев, Арман Шылманов, Мерей Ақшалов, Бақыт Сәрсекбаев

1

«MEGA Alma-Ata»: Майя Манеза, Вячеслав Ершов, Ұлан Рысқұл, Нұрмахан Тінәлиев, Татьяна Аманжол

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар