Елдос Сметов Екатеринбургте Чемпион атанды

19:15 | 17 наурыз 2018

Елдос Сметов Екатеринбургте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Чемпион атанды. Ол финалда ресейлік Ислам Яшуевті уақытынан бұрын таза жеңді.

Отандасымыз алғашқы айналымда тәжік балуаны Мехрзод Суфиевті, екінші белдесуінде бразилиялық Эрик Такабатені, ал жартылай финалда француз Валиде Хиярды ұтып, жарыс барысында өзіне қарсылас шақ келтірмеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар