Бекәділ Шаймерденов - Гран При жүлдегері

23:31 | 10 наурыз 2018

Агадирде өтіп жатқан Гран При кезеңінде қазақстандық дзюдошы қола медальға ие болды.

Бүгін, Агадир татамиінде 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекәділ Шаймерденов әлемдік Гран При кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында марокколық Ахмед эль Мезятиді вазари ұпйымен жеңіп, ел қоржынына қола жүлдені салды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше қазақстандық дзюдошылар 1 алтын және 1 күміс медаль ұтып алған болатын. 11 наурызға дейін жалғасатын додада 38 елден 240 дзюдошы қатысып жатыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар