Ислам Бозбаев Гран При кезеңінің жеңімпазы атанды

21:22 | 21 қаңтар 2018

Тунсите өтіп жатқан Гран При кезеңінде 90 келіге дейінгі салмақта белдескен Ислам Бозбаев жеңімпаз атанды.

Ислам Бозбаев жартылай финалда чех балуаны Дэвит Кламмерті жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Шешуші финалда отандасымыз венгриялық Тоц Кристианды таза жеңіспен ұтып, ел қоржынына екінші алтынды салды.

01faf9d06a8cf7f3f9514bea047ea443.JPG

Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан тағы бір отандасымыз Виктор Демьяненко жұбаныш белдесуінде алжирлік Льес Буякубты иппонмен ұтып, Қазақстан қоржынына үшінші қола медальді сыйлады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Жансай Смағұлов (73 кг) алтыннан алқа тағынса, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серикжанов (66 кг) қолаға қол жеткізген болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар