Ақтауда республикалық турнир өтті
Бүгін Ақтау қаласында «Маңғыстау» спорт кешенінде халық батыры Шотан Назарұлын еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында ІІІ республикалық турнир өтті. Жарысқа ШҚО, Ақтөбе облысы, БҚО, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облыстарынан 14 командадан 250 жас дзюдошы қатысты.
Сондай-ақ, жарыс аясында Маңғыстау облысы дзюдо федерациясы жергілікті спортшылардың жетістіктеріне қорытынды жасап, 2017 жылы дзюдодан Қазақстан Чемпионаты мен халықаралық жарыстарда жеңімпаз бен жүлдегер атанған дзюдошыларды ақшалай сыйақымен марапаттады. Атап айтқанда, ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы Кәмшат Қарасайқызына 2 млн теңге, ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР Чемпионатының жүлдегерлері Анна Казюлина мен Бауыржан Сағынғалиұлына 1 млн теңгеден табысталды. 2017 жылы дзюдодан жақсы көрсеткішке қол жеткізген 9 дзюдошылар да ақшалай сыйақымен марапатталды. Олар: Бауыржан Нарбаев (Азия Чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері), Сұңғат Жұбатхан (Жастар арасында ҚР Чемпионы), Ақниет Тұрдан (23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында ҚР Чемпионы), Руслан Мұсаев (23 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР Чемпионы), Рамазан Мамаев (ҚР Жастар арасында Қазақстан Чемпмонатының күміс жүлдегері), Мадина Тенелбаева (Жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының қола жүлдегері), Маржан Қаналиева (Жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының қола жүлдегері), Нұрбек Қуанышұлы (Жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының қола жүлдегері), Сәндігүл Аманқосова (Жасөспірімдер арасында ҚР Чемпионатының қола жүлдегері).
0 пікірлер