Дзюдошылар "Авангардта" бақтарын сынайды
Ағымдағы жылдың 6-8 желтоқсан аралығында Омбы облыстық Үкіметі, Ресейдің дзюдо федерациясы мен «Витязь» кәсіби-спорттық клубының бастамасымен «Авангард» олимпиадалық дайындық орталығында дзюдодан XVIII Бүкілресейлік дәстүрлі ашық турнир өтеді. Дүбірлі дода ССРО еңбегі сіңген жаттықтырушы, ССРО спорт шебері, полиция полковнигі Николай Анохинді еске алуға орайластырылып отыр.
Осымен 18-ші рет өткізіліп отырған турнирде Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның 130-дан астам балуаны бақтарын сынайды.
Рейтингтік көрсеткішін шыңдау – турнирдің басты бәйгесі. Бәсеке 7 салмақ санаты бойынша (60, 66, 73, 81, 90, 100, +100) өтсе, ал жарыстың соңғы күнгі белдесулері командалық біріншілік тәртібімен жалғасады.
ТУРНИРДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6 желтоқсан
11.00 – 16.30 – кіріспе белдесулер ( 81, 90, 100, +100кг).
17.30 – 18.00 – турнирдің салтанатты ашылуы.
18.00 – 20.00 – финалдық белдесулер және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.
7 желтоқсан
11.00 – 16.00 – кіріспе белдесулер(60, 66 және 73 кг).
17.00 – 19.00 – финалдық белдесулер, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.
8 желтоқсан
10.00 – 14.00 – командалық белдесулер», жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.
14.00 – турнирдің салтанатты жабылу рәсімі.
0 пікірлер