Алматыда конфедерация кубогы аяқталды
Бүгін Алматыда конфедерация кубоыгының финалы аяқталып, жеңімпаздар белгілі болды. Спорттың 6 түрінен 100-ге жуық спортшылар бақтарын сынап, өзара мықтыны анықтады.
2017 жылғы конфедерация кубогының финалын боксшылылар бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Маңғыстау облысының арасындағы кездесу 7:3 есебімен Оңтүстік Қазақстан облысының еншісіне шешілді.
БОКС
Маңғыстау облысы(3) Самат Жетібаев Нұрбол Қалжанов Берік Абдраханов Сұлтан Шаршов Жәнібек Мұратов Ерік Әлжанов Бекзат Нұрдаулетов Мағжан Базарбай Айболды Дәуренұлы |
Оңтүстік Қазақстан облысы (7) Шалқар Айхымбай Сакен Бибосынов Олжас Қалаубек Сұлтан Зауребек Бекдаулет Ибрагимов Бекзод Халметов Абай Төлеш Бек Нұрмағанбет Еркін Мұхаметжан Нұржан Бекзатов |
Алматы облысының балуандары күрес түрлерінен Қазақстандағы ең мықты команда екенін тағы бір рет дәлелдеді. Грек-рим күресі бойынша Алматы облысының балуандары 5:3 есебімен Қарағанды облысының құрама командасын жеңсе, еркін күрестен сынға түскен Алматы облысының балуандары Шығыс Қазақстан облысының спортшыларымен тең түскенімен, жалпы ұпай саны бойынша 42:44 болып, конфедерация кубогына ие болды.
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
Алматы облысы Айдын Нұғманов Нұртай Нұрғалиев Демеу Жадыраев Дидар Керімбаев Азамат Думбиров Санжар Темірбек Жасұлан Садықов Нұрмахан Тінәлиев |
Қарағанды облысы Асылхан Берікбай Ғалымжан Исқақов Ибрагим Магомадов Эли Магомадов Жасұлан Қошанов Хусейн Муцальгов Ерұлан Искаков Еркін Шайкенов |
ЕРКІН КҮРЕС
Алматы облысы (4/42) Жандос Исмаилов Елдос Әбікенов Нұрлан Тұрған Дәурен Жұмағазиев Гольцман Александ Нұрдаулет Көктеубаев Омар Жұмаш Аслан Кахидзе |
Шығыс Қазақстан облысы (4/40) Расул Қалиев Қуаныш Жақсыбаев Асхат Слямханов Бақытбек Тұрсынбаев Данияр Қайсанов Әбубәкір Тургаев Азат Даулетбаев Олег Болтин |
Таеквондо бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласының спорт шеберлерінің кездесуі қызықты әрі тартысты өтті. Былтырғы финалистер Алматы қаласының құрамасы 72:42 есебімен Алматы облысының спортшыларын ұтып, конедерация кубогына қол жеткізді.
ТАЕКВОНДО
Алматы облысы (72) 1.Диас Құрманғазы 2. Анарбек Асқаров 3. Жақып Бейбарыс 4. Азизбек Қалжанов 5. Саламат Құрбаниязов 6. Нұрбол Сабуров |
Алматы қаласы (42) 1. Сағыныш Шымырбай 2. Ерасыл Қайырбек 3. Ержан Әбілқас 4. Рахым Әділханов 5. Саян Маулетханов 6. Әділет Базарбай |
Дзюдодан татамиге шыққан Қарағандының спорт шеберлері финалдағы қарсыластары Ақтөбе облысының балуандарын 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, конфедерация кубогында дзюдошылар арасында үздік атанды.
ДЗЮДО
Қарағанды облысы (4) Қайрат Ағыбаев (-66 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Айдын Дартаев (-81 кг) Ислам Бозбаев (-90 кг) Ержан Шынкеев (+90 кг) |
Ақтөбе облысы (1) Жасұлан Сейдазым (-66 кг) Нұрлыхан Сүйінбай (-73 кг) Еламан Қойшыбаев (-81 кг) Әділет Мисин (-90 кг) Нұрсұлтан Иманғазин (+90 кг) |
Конфедерация кубогына 2017 жылы қосылған спорт түрі – қазақ күресі. Қазақ күресінен боз кілемге шыққан балуандар күресінің тағы бір ерекшелігі олар облыс бойынша емес, спорттық клубтар ретінде бақтарын сынады. Финалда Алматы қаласы мен Қарағанды облысының қазақ күресі бойынша спорт клубтары кездесіп, 5:3 есебімен жергілікті Алматы қаласының «Қазақ күресі» спорт клубының балуандары қазақ күресі бойынша конфедерация кубогының алғашқы иегерлері болды.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
«ЗАК КАР» СК (Қарағанды) (3) 1. Беймбет Қанжанов (55 кг) 2. Еламан Хуанбай (60 кг) 3. Қазыбек Қабдығаниев (66 кг) 4. Айдос Ғалымов (74 кг) 5. Ерқанат Молдағұлов (82 кг) 6. Бекзат Ахметбеков (90 кг) 7. Асыл Барменов (100 кг) 8. Еламан Ерғалиев (+100 кг) |
«Qazaq kuresi» СК (Алматы қ.) (5) 1. Марат Нигматуллаев (55 кг) 2. Ержан Мағауинов (60 кг) 3. Қасымхан Туленбай (66 кг) 4. Амангелді Төлемісов (74 кг) 5. Әбдіқасым Сахан (82 кг) 6. Саят Шамшиев (90 кг) 7. Виктор Демьяненко (100 кг) 8. Даурен Нұралинов (+100 кг) |
Естеріңізге сала кетсек, 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында спорттың 6 түрі бойынша командалық жарыс ретінде конфедерация кубогыгының финалдық кезеңі өтті. Жүлде қоры 125 млн теңгені құрайтын дүбірлі дода ҚР ҰОК Президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бастамасымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
0 пікірлер