«Үлкен Дулыға» жүлдесі бұйырмады
Токиодағы «Үлкен Дулыға» халықаралық турнирінде (29 қараша - 1 желтоқсан) бақтарын сынаған дзюдошыларымыз ел құрамасының қоржынын томпайта алмады. Нәтижесі - нөл.
73 кг
Ертуған Төреновтің белдесулері: алғашқы кездесуінде-ақ бельгиялық Дирк ван Тихелттен жеңіліс тапты.
Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер
1. Рики Накая (Жапония)
2. Гуй Ман Банг (Оңтүстік Корея)
3. Денис Ярцев (Ресей), Рок Драксич (Словения)
81 кг
Дәулетхан Жақыповтың белдесулері: алғашқы кездесуінде грузин балуаны Ушанги Маргианиден жеңіліс тапты.
Бекжан Әбдуәлиевтің белдесулері: кіріспе белдесуін пуэрторикалық Гадиэль Миранданы жеңумен бастаған Бекжан кейінгі тартыстарында татами қожайыны және турнирдің болашақ жеңімпазы Таканори Нагаседен айласын асыра алмады.
Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер
1. Таканори Нагасе (Жапония)
2. Люк Пьетри (Франция)
3. Такахиро Накай (Жапония), Автандили Чрикишвили (Грузия)
100 кг
Максим Раковтың белдесулері(суретте): чехиялық Радэк Хекл менжапондық Йосуке Кумаширодан басым түскен жерлесіміз жартылай финалдық шайқаста канадалық Кайл Рейесқа есе жіберді. Ал қола үшін болған кіші финалда Тувшинбаяр Найданнан (Моңғолия) қапыда қалды.
Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер
1. Лукаш Крпалек (Чехия)
2. Кайл Рейес (Канада)
3. Сирилл Маре (Франция), Тувшинбаяр Найдан (Моңғолия)
+100 кг
Ержан Шынкеевтің белдесулері: татами қожайыны Хисайоши Харасавадан жеңіліс тапты
Салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер
1. Сунг Мин Ким Оңтүстік Корея)
2. Рафаэль Сильва (Бразилия)
3. Масару Момосе, Хисайоши Харасава (екеуі де - Жапония)
0 пікірлер