Ақтөбеде Қазақстан Чемпионаты басталды

22:33 | 10 қараша 2017

10 қараша күні Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатқан айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам дзюдошылар қатысып жатыр.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев белдесулерді тамашалап, ел чемпионатының бірінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі чемпионаттың салтанатты ашылуымен құттықтады.

99006d7446d10aaf79e7792bd7c25b8f.jpg

Салтанатты ашылу рәсімі кезінде Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Серік Сейітұлы Қасқабасов Дзюдо федерациясы атынан Ақтөбе облысына татами сыйға тартты.

fd23e44f82e4d77ec9633de9932d1745.jpeg

Назарларыңызға Қазақстан Чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:

Ерлер:

b636210366c7deeb5d6f53d4f2daa19c.JPG

60 кг

1. Жеңісбек Жақсыбек (Қызылорда облысы)

2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы)

3. Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3. Ержан Еренғайып (Қарағанды облысы)

12ffe9f5697f617911b3468ab5ff9f98.JPG

66 кг

1. Ерлан Серікжанов (ШҚО)

2. Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)

3. Төлеген Нұрғалиев (ШҚО)

3. Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

e5c795f331ad9fef5d06b432e4f72332.jpeg

Әйелдер:

48 кг

1. Галбадрах Отгонцэцэг (ОҚО)

2. Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

3. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды облысы)

3. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

5c8ce41cb9ede39cbd993f760dda56c6.JPG

1. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)

2. Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)

3. Назгүл Елмұратова (ШҚО)

3. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

Осы жылдың ең маңызды әрі қорытынды жарысында жеңімпаз атанған дзюдошылар ұлттық құрама сапында 2018 жылы ел намысын қорғайтын болады, сондай-ақ, Азия мен Әлем Чемпионаттарына қатысуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетсек, "Жекпе-жек" спорт сарайында өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 14-қарашаға дейін жалғасады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар