Дзюдошылар жапондық форумда
Токиода 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтетін дзюдодан «Үлкен Дулыға» халықаралық турнирі басталып кетті.
Жапондық форумның кіріспе күнгі белдесулері қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз болды. 60 келіге дейінгі салмақтағы Асхат Телманов пен Елдос Сметовтер (суретте – көк киімде) медальсыз қалды. Бұған дейін Роберт Мшвидобадзе (Ресей) мен Тору Шишимеден (Жапония) басым түскен Сметов жартылай финалдық жекпе - жегінде болашақ чемпион - жапондық Наохиса Такатоның әдісіне түсіп қалып, қола үшін күресу мүмкіндігіне ие болған еді. Бірақ, Такатомен болған шайқаста қатаң ескерту алған Елдос бұл мүмкіндіктен де айырылды, салдарынан күншығыс елінің өкілі – Синзи Кидоға үшінші орын бұйырды. Нәтижесі – бесінші орын.
Ал Телманов кіріспе кездесуінде-ақ венгерлік Тибора Махерадан жеңіліс тауып, турнирді аяқтауына тура келді.
60кг. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
1. Наохиса Такато (Жапония)
2. Вон Джин Ким (Оңтүстік Корея)
3. Синзи Кидо, Тору Шишиме (екеуі де - Жапония)
66 келідегі үздік дзюдошылардың тізімінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж) Азамат Мұқановты таппадық. Кіріспе белдесуін ресейлік Абдула Абдулжалиловты жеңуден бастаған жерлесімізді кейінгі екі белдесуде татами қожайындары – Томофуми Такажо мен Масааки Фукуоки («жұбатуда») жолын бөгеді.
Дәл осындай сәтсіздікке алматылық Гран-придің триумфаторы Елдос Жұмақанов бой алдырды. Алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік балуаннан айласын асырғанмен, кейінгі белдесуінде француз балуаны Давид Лароседен жеңіліс тапты.
66кг.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
1. Томофуми Такажо (Жапония)
2. Шарлес Чибана (Бразилия)
3. Рен Миязаки (Жапония), Давид Ларосе (Франция)
Екінші жарыс күнінің бағдарламасы (30 қараша):
73 кг
Ертуған Төренов – Дирк ван Тихелт (Бельгия)
81 кг
Бекжан Әбдуәлиев – Гадиэль Миранда (Пуэрто-Рико)
Дәулетхан Жақыпов – Ушанги Маргиани (Грузия)
0 пікірлер