АНУАР САРИЕВ - ƏЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 

21:16 | 09 қазан 2017

Ташкентте парадзюдодан өтіп жатқан əлем кубогында қазақстандық дзюшы Ануар Сариев 60 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде қола жүлдегер атанды. Өз тобынан үздік шыққан отандасымыз жартылай финалда Румыния спортшысы Александру Бологаға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды. Шешуші белдесуде Ануар Сариев түркиялық Режеп Живтжиді иппонмен ұтып, қолаға қол жеткізді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар