Тюменьде дзюдошыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді

11:48 | 09 қазан 2017

7-8 қазан күндері Ресейдің Тюмень қаласында дзюдодан кадеттер арасында халықаралық жарыс өтті. Халықаралық додада қазақстандық жас дзюдошылар ел намысын абыроймен қорғап, 7 медальға ие болды. Турнирге Қазақстан құрамасымен қатар, Австрия, Әзірбайжан, Армения, Белорусия, Иран, Моңғолия, Словакия, Тәжікстан, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Жапоня және Ресей мемлекеттерінен 500-ге жуық дзюдошы қатысты.

Аталмыш турнирде жеңіс тұғырынан көрінген дзюдошыларымызды назарларыңызға ұсынамыз:

І орын - Нұрəділ Əлжан (46 кг)
І орын - Шерзод Давлятов (55 кг)
І орын - Марлен Əділ (60 кг)

І орын – Маргарита Гриценко (70 кг)

ІІ орын – Жансая Аманбаева (57 кг)
ІІ орын - Думан Құралхан (46 кг)
ІІІ орын - Нұрсұлтан Зайзағалиев (55 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар