Севара Нышанбаева Гран При турнирінде қола медаль иеленді

20:32 | 06 қазан 2017

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При бәсекесінде 57 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанымыз Севара Нышанбаева Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.

Жарысқа екінші айналымда қосылған Севара Нышанбаева алғашқы қарсыласы Джулия Гаджианоға есе жіберген соң, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды.

Бірінші жұбаныш белдесуінде Гонконг спортшысы По Сам Леуингті вазари ұпайымен жеңіп, шешуші белдесуде австриялық Сабрина Филзмосерден басым түсіп, қола медальға ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Ташкентте басталған Гран При турнирі қазанның 8-іне дейін жалғасады. 3 күнге жоспарланған әлемдік Гран При кезеңінде әлемнің 27 елінен 183 татами шеберлері өзара мықтыны анықтайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар