«Үлкен дулыға»: Ермек Имамбековтің таңдауы
Дзюдодан ағымдағы жылдың лицензиялық «Гранд Слэм» немесе «Үлкен дулыға» ақтық маусым турнирлері Жапония астанасы Токиода 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады, деп ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатовтың жетекшілігіндегі қазақстандық ерлер құрамасын келесі дзюдошыларымыз толықтырады:
- Елдос Сметов, Асхат Телманов (60 кг)
- Азамат Мұқанов, Елдос Жұмақанов (66 кг)
- Ертуған Төренов (73 кг)
- Дәулетхан Жақыпов, Бекжан Әбдуәлиев (81 кг)
- Максим Раков (100 кг)
- Ержан Шынкеев (+100 кг).
Сергей Лим (66 кг), Дастан Ықыбаев (73 кг) және Ислам Бозбаевтар (90 кг) бұл турнирге қатыспайды.
«Үлкен дулыға» бағдарламасы:
29 қараша, жұма (алғашқы күнгі жарыс)
10:00 – 48 кг, 52 кг және 57 кг (әйелдер) және 60 кг және 66 кг (ерлер) салмақ дәрежесіндегі тартыстар
13:30 – ашылу салтанаты
15:30 – финалдық белдесулер
30 қараша, сенбі (екінші күнгі жарыс)
10:00 – 63 кг және 70 кг (әйелдер) және 73 кг және 81 кг (ерлер) салмақ дәрежесіндегі тартыстар
15:30 – финалдық белдесулер
1 желтоқсан, жексенбі (үшінші күнгі жарыс)
10:00 –78 кг және 78 келіден жоғары (әйелдер) және 90 кг, 100 кг дейін және 100 келіден жоғары (ерлер) салмақ дәрежесіндегі тартыстар
15:30 – финалдық белдесулер
Біздің спортшылардың алғашқы қарсыластары 28 қараша күні өтетін жеребеден кейін белгілі болады.
0 пікірлер