Ибраев пен Галбадрах - Универсиада жүлдегерлері
Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиада ойындарында дзюдо бойынша сынға түскен отандастарымыз қоржынға қос қола медаль салды.
48 келіге дейінгі салмақта белдескен Отгонцэцэг Галбадрах қола үшін белдесуінде Ресей дзюдошысы Мария Персидскаядан басым түсіп, жарыстың қола медаліне ие болды.
Отгонцэцэцг Галбадрах алғашқы айналымда жапон қызы Умекита Майға жол беріп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды. Алғашқы жұбаныш белдесуінде австриялық Маратаби Крафтты иппонмен жеңіп, екінші белдесуінде француз Марине Ланриді вазари, соңғы жұбаныш белдесуінде Жанна Станкиевичті иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресті.
60 келіге дейінгі салмақта күрескен Рустам Ибраев шешуші белдесуде моңғол балуаны Муагмардорж Батгерейді вазари ұпайымен жеңіп, универсиаданың қола медальіне қол жеткізді.
Ол өз тобынан үздік шыққанымен, жартылай финалда жапониялық Тайкош Фужисакадан жеңіліп, қола үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Тайбэйде өтіп жатқан Жазғы Универсиада ойындарында дзюдодан ел қоржынында үш қола медаль бар.
0 пікірлер