Қазақстан кадеттер құрамасы Әлем Чемпионатына дайындалуда

10:08 | 01 тамыз 2017

Астана қаласы “Boxing development Centre” спорт базасында дзюдодан кадеттер құрамасы Әлем Чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 25 шілдеде басталған оқу-жаттығу жиынында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 45 жас дзюдошы 4 тамызға дейін біліктіліктерін шыңдайды. Кадеттер арасында өтетін Әлем Чемпионатына Қазақстан құрамасынан ШҚО, БҚО, ОҚО, Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы және Қарағанды облысынан 17 дзюдошы қатысады. Олар:

Ерлер:

  1. Ерлан Оңалов (50 кг)

  2. Шерзод Давлятов (50 кг)

  3. Ермек Амангелді (55 кг)

  4. Нұрзат Сәлімбаев (60 кг)

  5. Дастан Шаяхметов (66 кг)

  6. Марат Заңғар (73 кг)

  7. Абылай Өтеуов (73 кг)

  8. Серікболсын Шынтас (81 кг)

  9. Бекарыс Сәдуақас (-90 кг)

577988eb92709664d066d51d6625653d.jpeg

Қыздар:
  1. Сара Құлым (40 кг)

  2. Айым Жұмағалиева (40 кг)

  3. Меруерт Сәрсенова (52 кг)

  4. Рауза Нұрмахамметова (52 кг)

  5. Ханифа Тугушева (57 кг)

  6. Саёра Мырзахметова (63 кг)

  7. Кристина Сотникова (63 кг)

  8. Гүлвира Бисенғалиева (-70 кг)

Қазақстан кадеттер құрамасын Әлем чемпионатына Ғайнулла Есенғалиев, Бақытжан Төребеков, Зарина Нүсіпбаева, Нұрлан Серікбол сынды білікті бапкерлер бастап барады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар