Күтпеген оқиға

21:08 | 18 қараша 2013

Өскемендік шаршы алаң еліміздің әр аймағынан келген ерлер мен әйелдер арасындағы балуандардың басын қосты. Дзюдодан жалауын желбіреткен ел біріншілігінің үшінші күнгі белдесуі 48 келі (әйелдер) мен 60 келідегі (ерлер) балуандардың үздіктерін анықтаған болатын. Нәтижесінде, финалдық жекпе-жекте ұлттық құраманың лидері Александра Подрядованың (ОҚО) (суретте – сол жақта) жауырынын жерге тигізген Айгүл Байқұлова (Ақтөбе облысы) нәзік жандылар арасында жеңіс тұғырының жоғарғы сатысына жайғасты. Ал жарақаттарына байланысты ел біріншілігіне қатыса алмаған Елдос Сметов пен Асхат Телмановтардың жоқтығын пайдаланған Ғабит Есімбетовке бұл додада тең келер балуан табылмады. Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі ақтық шайқаста алматылық Гумар Қырғызбаевтан басым түсіп, жеңіс тойын тойлады.

48 кг, әйелдер:

1. Айгүл Байқұлова (Ақтөбе облысы)

2. Александра Подрядова (ОҚО)

3. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы), Дарья Лунова (Павлодар облысы)

60 кг, ерлер:

1. Ғабит Есімбетов (ОҚО)

2. Гумар Қырғызбаев (Алматы)

3. Гусман Қырғызбаев (Алматы), Аманхан Өскенбаев (ОҚО)

Абсолютті салмақ санатында Зарина Ройфова (Алматы) мен Дәурен Нұралинов (ШҚО) Қазақстан чемпиондары атанды. Бұған дейін қос балуан да өздерінің ресми салмақ дәрежелері бойынша қоладан алқа тағынған: Ройфова (- 78 кг), Нұралинов (+100 кг).

АСД, әйелдер:

1. Зарина Ройфова (Алматы)

2. Динара Құдарова (Қызылорда облысы)

3. Назира Ержанова (Павлодар облысы), Қалжан Тайжанова (ШҚО)

АСД, ерлер:

1. Дәурен Нұралинов (ШҚО)

2. Әлібек Зекенов (Астана)

3. Виссарион Баркалая (Қарағанды облысы), Саят Шәмшиев (Алматы облысы)

Ертең (19 қараша) – өскемендік бәсекенің соңғы күні, бұл күні Қазақстан кубогы аясында командалық жарыстар ұйымдастырылады;

Ерлер - 66 кг, - 73 кг, - 81 кг, - 90 кг, +90 кг

Әйелдер - 52 кг, - 57 кг, - 63 кг, - 70 кг, +70 кг

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар