European Cup: 1 АЛТЫН, 2 ҚОЛА
Бүгін, 15 шілде Германияның Саарбрюккен қаласында дзюдодан Еуропа Кубогы басталды. Еуропаның 29 елінен 403 спортшы қатысып жатқан турнирде ел намысын 14 дзюдошы қорғауда. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 7 спортшы татамиге шығып, оның 3-еуі нәтижелі күрес көрсетті. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен Жансай Смағұлов қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанды.
Ал Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Елдос Сметов (66 кг) Еуропа кубогынан қос қола медалді Қазақстан қоржынына салды.
Еуропа Кубогының екінші күнінде Қазақстан намысын 7 дзюдошы қорғайтын болады. Олар:
Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)
Азиз Калқаманұлы (90 кг)
Ислам Бозбаев (90 кг)
Сұңғат Закарияев (90 кг)
Максим Раков (-100 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Ержан Шынкеев (+100 кг)
0 пікірлер