Азия Чемпионатының жеребесі тартылды
Бүгін Гонконгта 26-28 мамыр күндері өтетін дзюдодан Азия Чемпионатының жеребесі тартылды. Cары құрлықтың 29 елінен 245 спортшы қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан құрлық біріншілігінде татамиге 18 дзюдошы ел намысын қорғауға шығады. Жарыстың алғашқы күнінде татами шеберлері 7 салмақ бойынша белдеседі.
Ерлер: 60 кг, 66 кг, 73 кг;
Әйелдер: 48 кг, 52 кг, 57 кг, 63 кг;
Азия Чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан сапынан 9 дзюдошымыз бағын сынамақ. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Азамат Мұқанов (66 кг), Елдос Жұмақанов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг); Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Анна Казюлина (57 кг), Мариан Урдабаева (63 кг), Ділбар Өміралиева (63 кг).
Белдесулер күн сайын Астана уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады.
0 пікірлер