​Галбадрах Отгонцэцэг әлемдік рейтингте көш бастап тұр

17:57 | 22 мамыр 2017

Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Халықаралық дзюдо федерациясы Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. 22 мамырда шығарылған рейтингте қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошыларды 3280 ұпаймен көш бастап тұр. Екатеринбургтегі «Grand Slam» турнирінде І орын алған жапониялық Ами Кондо 3231 ұпаймен рейтингте екінші орынға жайғасса, үздік үштікті моңғолиялық Уранцэцэг Мунхбат 3122 ұпаймен қорытындылаған.

1e52bc0b2a207e2b3b55a35cc975482a.jpg

Естеріңізге сала кетсек, Галбадрах Отгонцэцэг 20 мамыр күні Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінде қола медаль алған болатын.

* Әлемдік «Grand Slam» турниінде І орын алған дзюдошыға 500 ұпай, ІІ орынға 300 ұпай және ІІІ орын алған дзюдошыға 200 ұпайдан беріледі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар