26 тамызда Бразилияда дзюдодан әлем чемпионаты басталады

12:00 | 08 тамыз 2013

Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін дзюдодан әлем чемпионатында еліміздің абыройын қорғайтын құрама мүшелері мәлім болды.

Команда капитаны болып 2009 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдегері және 2011 жылғы біріншіліктің күміс иегері Максим Раков (100 кг дейінгі салмақ санаты) тағайындалды. Әлем біріншілігіне Максим Раковпен қоса тағы сегіз дзюдошы қатысады. Қазақстанның дзюдодан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ермек Иманбековтің хабарлауынша, Бразилияға мына спортшылар барады: 60 кг дейінгі салмақ санатында– Елдос Сметов пен Асхат Тельманов, 66 кг дейінгі салмақ санатында – Сергей Лим және Азамат Мұқанов, 73 кг салмақ санатында – Ертуған Төренов, 81 кг дейінгі салмақта – Дәулетхан Жақыпов, 90 кг дейінгі салмақта – Ислам Бозбаев, және 105 кг жоғары салмақта – Ержан Шынкеев. Асхат Тельманов, Ертуған Төренова және Дәулетхана Жақыповтар үшін бұл әлем біріншілігі алғашқы байрақты бәсеке болып табылады.

Ермек Иманбековтің айтуынша, біріншілікке дайындық кешенді түрде жүргізілді. Спортшылар алдымен тауда жиын өткізді, одан кейін Мәскеуде жаттықты. Қазір дзюдошылар жаттығудың қорытынды кезеңінен өтуде – Бурабайда 10 күндік жиын өткізуде. Онда спортшылар тактикалық психологиялық жаттығулар өткізуде. Қазақстандық дзюдошылармен бірге Қырғызстанның дзюдо құрамасы да оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Команда Бразилияға 15 тамызда аттанады. Бас жаттықтырушының айтуынша, климаттың өзгешелігіне байланысты, спортшыларға бейімделу үшін бірнеше күн керек. Чемпионат Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 26- 31 тамыз аралығында өтеді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар