Дзюдодан кадеттер Азия Кубогын ІІІ орынмен аяқтады
Өзбекстанның Шыршық қаласында дзюдодан кадеттер арасында Азия Кубогы аяқталды. 13-14 мамыр күндері өткен аталмыш додаданың екінші күнінде қазақстандық дзюдошылар қоржынды бір күміс және бір қола медальдарын толықтырды.
78 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Инабат Тоқтаған алғашқы айналымда Сабрина Кулдашованы, жартылай финалда Юлдуз Оманованы иппонмен жеңіп, финалға шыққан отандасымыз финалдық кездесуінде Тайпей дзюдошысы Ю Жинг Линге есе жіберіп,турнирдің күміс медалін еншіледі.
90 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан тағы бір спортшымыз Дарын Бейсханов Азия Кубогында қола медлді жеңіп алды. Алғашқы белдесуінде Умеджон Бейсхановтан жеңілгенімен, жұбаныш белдесуінде Фаррух Курбановты иппон ұпайымен ұтты.
Шыршық қаласында өткен Азия Кубогына 14 елден 197 жас дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасынан аталмыш турнирге 19 спортшы қатысып, 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
0 пікірлер