Павлодарда Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

15:41 | 13 сәуір 2017

13-16 сәуір күндері Павлодар қаласы «Баянтау» спорт кешенінде дзюдодан КСРО Спорт шебері, Қазақстан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған ересектер арасында ХХ Халықаралық турнир өтеді. Павлодар облысында дзюдоның негізін қалаушы бірегей ұстаздың құрметіне арналған турнир осымен 20-сыншы рет қатарынан ұйымдастырылмақшы. Турнирге Астана және Алматы қаласы мен Қазақстанның 14 облысының дзюдошылары мен шетелдік жас спортшылар қатысады. Атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан және Ресейден дзюдошылар қатысады деп жоспарланған. Аталмыш турнирде жеңімпаз атанған қазақстандық спортшыларға ҚР Спорт шебері атағы беріледі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар